Қазақстан КҚК арқылы мұнай экспортының жартысына жуығын жоғалтты
Фото: Envato
2026 жылғы қаңтарда Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалы арқылы қазақстандық мұнай экспорты күрт азайды, деп хабарлайды Orda.kz.
CPC Blend маркалы мұнайды жеткізу тәулігіне 800–900 мың баррельге дейін төмендеген. Бұл — желтоқсан айының ортасында жоспарланған көрсеткіштерден 45%- ға аз.
Трейдерлер жоспарланған 45 жөнелтімнің кемінде 21-ін тоқтатқан. Терминалдағы іркілістер нарыққа әсер етіп, бағаның өсуіне түрткі болды. Жақында CPC Blend партияларының бірі Dated Brent бағасына барреліне 1,2 доллар сыйақымен саудаланды, ал күтілген диапазон 60–80 цент болған.
Бұл жағдайға бірнеше фактор себеп болған. Қараша айында дрондар шабуылынан кейін КҚК айлағының құрылғысы істен шыққан. Екіншісі жоспарлы жөндеуде тұр, оны желтоқсанда аяқтаймыз деп уәде етілген. Алайда Қара теңіздегі дауылдар тиеу жұмыстарын жиі тоқтатып, жөндеуді аяқтауға кедергі келтіріп отыр. Соның салдарынан терминал тұрақсыз режимде жұмыс істеуде.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, КҚК мұнай қоймалары толып кеткен. Осыған байланысты құбыр жүйесі уақытша өндірушілерден мұнай қабылдауды тоқтатқан.
КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудағы негізгі бағыт болып қала береді. Елде тәулігіне шамамен 1,8 млн баррель мұнай өндіріледі. Алайда балама маршруттар арқылы оның тек жартысына жуығын ғана экспорттауға мүмкіндік бар.
Айта кетейік, Ержан Қазыхан Қазақстан президенті атынан АҚШ-пен келіссөздер жүргізеді.
Жаңалықтар
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?