Қазақстан экономикасы 2025 жылы 5,6 пайызға өседі
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері мен үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңесі өтті.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жиынға премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, ұлттық банк төрағасы, жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.
Аталған жиында президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жайында баяндалды.
Үкімет келесі жылы экономика 5,6 пайыз деңгейінде өсім көрсетіп, инфляция 5,5 – 7,5 пайызға дейін төмендейді деп болжам жасады.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау және мемлекеттік бюджет сапасын арттыру, орталықтағы және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік шығындарды басымдығына қарай реттеудің нақты механизмін енгізу, сондай-ақ көлеңкелі экономикамен күрес шараларын күшейту туралы міндет жүктеді.
Жаңалықтар
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады