Қазақстан футбол лигасының президенті сайланды

cover Фото: qfl.kz

Ерлан Жамантаев Қазақстан футбол лигасының (QFL) президенті болып сайланды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұл шешім лига мүшелерінің сырттай отырысында қабылданды. Дауыс берушілердің көпшілігі 50 жастағы Ерлан Жамантаевтың кандидатурасын мақұлдаған екен. 

Айта кетсек, Ерлан Жамантаев бұрын кәсіби футболмен айналысып, «Ұшқын-Искра» атты жекеменшік клубтың жетекшісі, бас бапкері болды. Әр жылдары жағажай футболынан Қазақстан ұлттық құрамасын тізгіндеп, Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментін басқарды.

2021-2023 жылдары «Ақтөбе» футбол клубының басқарма төрағасы қызметін атқарып, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды. Осыған дейін 2024 жылы Бірінші лиганың бес дүркін жеңімпазы атанған «Оқжетпес» ФК директоры болды. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар