Қазақстан Екатерина Биволды ұстау үшін Ресеймен байланыс орнатты
Фото: Екатерина Биволдың әлеуметтік желі парақшасынан
ҚР Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов бокстан әлем чемпионы Дмитрий Биволдың жұбайы Екатерина Биволды ұстау үшін Ресеймен байланыс орнатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Вице-министрдің айтуынша, Ішкі істер министрлігі Ресей Федерациясының полиция қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізіп жатыр.
«Тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде халықаралық іздеу жарияланды, сырттай қамауға алу туралы шешім қабылданды. Біз Ресейдің құқық қорғау органдарымен байланыстамыз. Егер Биволдың жұбайы ұсталған жағдайда, бас прокуратура арқылы хабар аламыз немесе экстрадиция мәселесін қарастырамыз», – деп мәлімдеді бейсенбі күнгі Сенат аумағында.
Айта кетсек, Екатерина Бивол бұған дейін өз Telegram-арнасында қазақ пен қырғыз халқына тіл тигізген бейнежазба жариялаған еді. Осы оқиғадан кейін Қырғызстан Республикасы оған бірінші болып іздеу жариялады. Ал бірнеше күн бұрын Дмитрий Биволдың әкесі Юрий Бивол келінін соққыға жығып, оның мұрнын сындырғаны хабарланды.
Жаңалықтар
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды