Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі

cover Фото: Көрнекілік үшін

Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік нысаны тиесілі, деп хабарлайды Orda.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеп.

2025 жылға арналған 250.00 нысанындағы декларацияда азаматтар БАӘ аумағындағы 168 жылжымайтын мүлік нысанын көрсеткен. Ал 2024 жылғы есепті кезеңге арналған 270.00 нысанындағы декларацияда 49 нысан тіркелген.

Азаматтардың шетелдік активтері туралы ақпарат салық органдарына декларациялардан және шетелдік ведомстволармен халықаралық деректер алмасу шеңберінде түседі. Сөз есептіліктің екі нысаны – активтер мен міндеттемелер туралы декларация (250.00-нысан) және кірістер мен мүлік туралы декларация (270.00-нысан) жайында болып отыр.

«2025 жылғы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда декларанттар БАӘ-де орналасқан 168 жылжымайтын мүлік нысанын көрсеткен. 2024 жылғы есепті кезеңдегі кірістер мен мүлік туралы декларацияда БАӘ-дегі 49 жылжымайтын мүлік нысаны декларацияланған. Осылайша, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік нысаны декларацияланды» деп жазылған хабарламада. 

Ведомство екі декларацияның да 2024 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша толтырылатынын нақтылады. Сонымен жалпы алғанда БАӘ-де орналасқан 217 жылжымайтын мүлік нысаны декларацияланған.

Бұған дейін Дубайдағы Fairmont The Palm қонақүйінің жанындағы тұрғын кешенде қазақстандықтарға тиесілі 97 пәтер бар деген ақпарат тарады. Алайда комитет бұл пәтерлерге қатысты жеке тексеріс жүргізілмегенін мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар