Қазақстан әскері қауіпсіздік үшін Aitu мессенджеріне көшеді
Фото: gov.kz
Қазақстан Қарулы күштері қызметтік ақпарат алмасу үшін отандық Aitu мессенджеріне көшеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл шешім мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып отыр.
«Отандық мессенджерге көшу – мемлекеттік құрылымдарда, оның ішінде қорғаныс саласында да қызметтік ақпаратты қорғау деңгейін арттыруға бағытталған негізгі қадамдардың бірі. Бұған дейін деректерді жіберу үшін көбінесе шетелдік мессенджерлер қолданылған. Бұл өз кезегінде қауіпсіздікке белгілі бір қатер төндірген еді. Қазақстан юрисдикциясында орналасқан және деректерді сақтау мен өңдеу талаптарына толық сәйкес келетін Aitu мессенджерін пайдалану ақпарат ағынын бақылауға мүмкіндік береді», деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиевтің айтуынша, Aitu қызметтік деректердің сыртқа таралуына жол бермей, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды