Қазақстан Алматыда ресейлік ЖОО филиалын ашпайтын болды

cover Фото: Alexandru Panoiu / Wikimedia Commons, CC BY 2.0

Қазақстан тарапы Новосібір мемлекеттік университетінің (НМУ) Алматыдағы филиалын ашу жобасын уақытша тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Филиалды ашу жоспары кейінге қалдырылғанын НМУ ректоры Михаил Федорук ТАСС агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Бұл бастамадан бас тартқан жоқпыз. Филиал ашуды ең алдымен Қазақстаннан шыққан біздің түлектер қолдаған еді. Бірақ әзірге ол жобаны, негізінен, Қазақстан тарапының өтініші бойынша тоқтата тұруға тура келді», – деді Михаил Федорук. 

Ресейлік ЖОО-ның филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылады деп жоспарланған болатын. 

Orda.kz редакциясы осы мәселе жайлы ҚазҰУ-ға ресми сауал жолдайды.

Алматыдағы НМУ филиалында жиырмаға жуық жаратылыстану бағыты бойынша мамандар даярлау көзделген еді. Олардың қатарында мұнай-газ жүйелерін модельдеу, биоинформатика, ядролық медицина, мұнай-газ және тау-кен саласындағы геофизика мамандықтары бар.

Бұл жоба уақытша тоқтатылғанымен, Астанада МГИМО оқу орнының филиалы ашылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар