«Қазақмыстағы» ереуіл жалғасып жатыр: Басшылық кейбір талаптарды орындауға келісті

cover Фото: freepik.com

Сәтбаевтағы ереуіл жалғасуда, дегенмен басшылық кеншілердің кейбір талаптарын мақұлдады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Бұған дейін қызметкерлер жалақыны көтеруді талап еткен еді. Оның ішінде Оңтүстік Жезқазған кенішінде жұмысшылар жалақыны 2 есе көтеруді сұрады. Жұмысшылар жұмыс уақытын автобусқа отырғаннан бастап есептеуді, ақысыз еңбек демалысына жіберуді жеңілдетуді сұрап отыр. Сондай-ақ олар жұмысқа қажет құрал-сайманның тозғанына да наразы. 

Корпорация төрағасы Нұрахмет Нұриев бригадирлермен кездесті. Кездесу барысында 13-жалақыға 30% үстемақы қосу талабы қанағаттандырылды. 

Бұдан бөлек, жалақыны көтерудің екі нұсқасы ұсынылған. Біріншісі — жалақы мөлшерін 8,5% көбейтіп, жылдық жоспарда 4 рет 50 АЕК мөлшерінде сыйақы тағайындау. Ал екінші нұсқа — жалақыны 15,6%-ға индекстеу.

Ереуілге шыққан кеншілермен компания арасындағы келіссөздер әлі жалғасып жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар