«Қазақ жұлдызы АҚШ-ты бағындырды»: Ербол Тәжібаев «WorldStars» байқауында бас жүлде жеңіп алды

cover Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еліміздің мақтанышы, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртісі Ербол Тәжібаев АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өткен «WorldStars» халықаралық таланттар олимпиадасында зор жетістікке жетті. 

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ербол әлемнің түкпір-түкпірінен келген вокалистер мен орындаушылардың арасында үш номинация бойынша бас жүлде — Гран-приді жеңіп алды.

Бұл беделді байқау әлемнің үздік вокалистеріне өздерінің музыкалық жетістіктерін танытып, өнерін әлемдік деңгейде паш етуге мүмкіндік берді. Ербол Тәжібаевтың таланты мен еңбекқорлығы осы байқауда жоғары бағаланды.

Ербол Тәжібаев Қарағандының Тәттімбет атындағы өнер колледжінде және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Классикалық вокал» мамандығы бойынша білім алды. Ол «Qazaqstan дауысы», «Topjargan», «Бес жұлдыз» секілді республикалық байқаулар мен жобаларда бірнеше рет көрермен қошеметіне бөленген әнші.

Бұл жеңіс Ербол Тәжібаевтың өнердегі жоғары деңгейін және еліміздің мәдениетін әлемге танытудағы үлкен үлесін көрсетеді. 

Orda.kz Ербол Тәжібаевты жетістігімен құттықтап, болашақта жаңа табыстар мен жетістіктер тілейді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар