Қазақ-өзбек шекарасында жасырын жерасты жолы арқылы жанармай тасыған қылмыстық топ ұсталды

cover Фото: freepik.com

Жанармай өнімдерін жасырын жерасты жолы арқылы шекарадан тасыған халықаралық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта 450 метрлік жерасты жолын қазған. Қылмыстық жолмен олар 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған. Қылмыс барысында Өзбекстан тарапы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

Қылмыстық әрекетке қатысы бар тұлғалар анықталды. Қазақстанның 5 азаматы күдікті деп танылды. 

Айта кетейік, Әнипа Назарбаеваның компаниясы мемлекетке 10 млрд шығын әкелді. Алмалы аудандық сотының үкімімен бірнеше айыпталушы 1,4 жылдан 4,6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Іс фигуранттарының бірі қашып кеткен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар