«Қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ»: Тоқаев көрші мемлекеттер жайлы пікірін айтты
Фото: Ақорда
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында шекаралас мемлекеттер жайлы сөз сөйледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент қазақ халқындағы көршінің маңызын атап өтіп, Қазақстан көрші мемлекеттермен достықты нығайта түсуге айрықша мән беретінін айтты.
«Ресей – Қазақстанның бұрыннан келе жатқан негізгі стратегиялық серіктесі әрі сенімді одақтасы. Қытай елімен ықпалдастық тамыры да тереңде жатыр. Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірген жоқ, болашақта да зиян келтірмейді. Алатауды тең жайлаған қырғыздар – бір туған бауырларымыз. Ежелден еншілес өзбек ағайынды өз ағам деп қадір тұтамыз. Түбіміз бір деп түрікмендерді туыс санап, шын жүректен құрметтейміз. Қарт Каспийдің жағасындағы әзербайжан еліне деген ықыласымыз да ерекше. Бір сөзбен айтсақ, көрші елдермен қарым-қатынасымыз бауырластық рухында дамып келеді. Біздің арамызда түйткілді мәселе жоқ. Қазақстан мен Ресей құрлықтағы ең ұзын шекараны әуел бастан дау-дамайсыз шегендеп алды. Жақында Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан ұзақ жыл бойы шешімін таппаған шекара мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келіп, тарихи келісімге қол қойды деп айтуға болады. Біз бауырлас елдер үшін қуанамыз, оларды әрдайым қолдаймыз». деді президент.
Еске сала кетейік, сессия барысында президент азаматтардың бір-бірін қандай да бір тілде сөйлеуге мәжбүрлеуге болмайтынын айтты. Сондай-ақ ол ел ішіне іріткі салуға тырысқандар заң алдында қатаң жауап беретінін еске салды.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистер мен блогерлерге ескерту жасап, өздерін сөз еркіндігінің жақтаушысы ретінде көрсеткісі келетін кейбір құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, блогерлер мен журналистер еліміздегі әр істен саяси, жағымсыз астар іздеп, шын мәнінде, арандатумен айналысып жүргенін айтпасқа болмайтынын атап өтті.
11 сәуір күні президент Шымкент қаласына келіп, шаһардың тыныс-тіршілігін біліп қайтқан еді. Ал 18 сәуір күні Путин Тоқаевқа қоңырау шалды.
Еске салайық, бұған дейін жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге Қазақстанның 2,5 млрд теңге жұмсайтыны айтылды.
Сонымен қатар, Orda.kz Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев пен қазақстандық достарын жеңістің 80 жылдығына арналған мерекеге шақырғаны жайлы жазды. Ал Astana Think Tank форумының қорытынды отырысында Тоқаев «Ресейдің Украинадағы соғыста жеңілмейтінін» айтқан болатын.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды