«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс-директоры сотталды
Фото: Болат Байшуақов
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің бұрынғы директоры Б.А.Байшуақовқа үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Маңғыстау облысы Жаңаөзен ауданының соты экс-басшыны 4 жылға бас бостандығынан айырды. Тергеу мәліметіне қарасақ, Байшуақов кәсіпорынның сеніп тапсырылған мүлкін аукцион өткізбестен заңсыз сатқан. Кейін түскен қаражатты өзі иемденген.
Байшуақов өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды.
Болат Байшуақов 2023 жылдың ақпан айында осы зауытқа директор болып тағайындалды. Бұған дейін ол кәсіпорынның бас инженері болған. Өткен жылдың тамыз айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Байшуақовты 65 млн теңгеден астам ұрлық жасады деген күдікпен ұстады.
Еске салайық, 11 сәуір күні QazNews24 атты сатира парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке сот үкім шығарды. Сот оны 5 жылға бостандығынан шектеу туралы шешім қабылдады.
Жаңалықтар
- Бүгін Оскар сыйлығының 98-ші марапаттау рәсімі өтеді
- Exit-poll: Референдумда 86,7% дауыс беруші жаңа Конституцияны қолдады
- Иранның жаңа рухани көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Ресейге жеткізілді — БАҚ
- Жауапкершілікке тек бір азамат тартылды: Бас прокуратура мен ІІМ Референдум қорытындысын айтты
- Қазақстанда референдумдағы дауыс беру аяқталды
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді