Қатарлық бизнесмендер қазақтандық Tele2 операторын сатып алу жоспарын айтып берді
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Power International Holding (PIH) компаниясының жетекшілері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесу барысында энергетика және телекоммуникация бағыттарындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Тараптар стратегиялық маңызы бар салалардағы серіктестікті кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.
Президенттің атап өтуінше, газды өңдеу мен тасымалдау, сондай-ақ электр энергиясын өндіру жобалары Қазақстан мен Қатар арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың өзегіне айналып отыр. Бұл бастамалар елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, экономиканың тұрақты дамуына серпін береді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына PIH холдингінің телекоммуникация нарығындағы қызметін ұлғайту жоспары таныстырылды. Аталған жоба Mobile Telecom Service (Tele2) байланыс операторын сатып алу келісімі аясында жүзеге аспақ.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадам телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуға, қызмет сапасын арттыруға және халық үшін байланыс қызметтерінің қолжетімділігін кеңейтуге оң әсер ететініне сенім білдірді.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты одан әрі күшейтіп, келешегі зор инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға дайын екенін растады.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
- Тоқаев референдумда барлық азаматқа тең жағдай жасауды тапсырды
- «Идеология емес, ұлттық мүдде»: Тоқаев Қазақстанның жаңа геосаяси таңдауын айтты
Жаңалықтар
- Жәнібек Әлімханұлының қанында мельдоний қайдан жүр? Боксшыға дәрі егілген
- Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
- Қатарлық бизнесмендер қазақтандық Tele2 операторын сатып алу жоспарын айтып берді
- Қожамұратова ісінде 392 құжат жарияланып, 298 жәбірленушіден жауап алынды
- Депутат Эпштейн файлындағы қазақтар туралы шындықты талап етті
- Павлодарда вейп дауымен қызметтен кеткен подполковник өзін ақтап алды
- Қазақстанда мұғалімдер енді мектептен тыс уақытта оқушы үшін жауап бермейді
- Алматы тауларында қар көшкіні кезінде студент қаза тапты
- КХДР ядролық күштерін Ким Чен Ынның 13 жастағы қызы басқарады
- Бейбітшілік кеңесінің ресми сайты іске қосылды
- БҚО-да жол құрылысына бөлінген қаржыны қолды қылған басшылардың тергеуі аяқталды
- Алматыда түні бойы жауған қардың қалыңдығы 17 сантиметрге жетті
- Менни Пакьяо мен Флойд Мейвезер арасында реванш өтеді
- Зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысы колониядан арыз түсірді
- Бразилияда су тасқыны салдарынан 30 адам қаза тапты
- ҰҚК «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын ұстады
- Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар 2 автожол жабылды
- Мемлекет басшысы Кувейт Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
- АҚШ Ресейге қатысы бар тұлғаларға қарсы жаңа санкциялар енгізді
- Алматыда арнайы жасақ танысын пышақтап ізін суытқан күдіктіні ұстады