Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Құрбан айтты ізгілік пен адамгершілік, мейірімділік пен қайырымдылық, әділдік пен жауапкершілік мұраттарын паш ететін мереке деп атады, деп хабарлайды Ақорда.
«Бұл – барша мұсылмандар ерекше қастерлейтін және күтетін мереке, ол жасампаз бастамалар мен қайырымдылық істерді ілгерілетуге, адамгершілік құндылықтарды сіңіруге, қоғамның рухани бірлігін нығайтуға көмектесетін мереке» деп жазды Мемлекет басшысы.
Дәстүрлі дініміздің ұлттық мәдениетпен үйлесім тапқанына тоқталды.
«Қиын-қыстау заманда халқымыз ынтымақ танытып, мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Ұлттың бұл баға жетпес қасиеті көктемгі алапат су тасқыны кезінде айқын көрінді. Бірлік пен келісімнің арқасында біз кез келген сынақты еңсере алатынымызға сенімдімін» деп жазды президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев барша азаматтарға денсаулық, амандық және табыс тіледі.
«Барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! Құрбан айт құтты болсын!» деп құттықтады президент.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды