Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

cover Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдар басшыларына, Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қорының және ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ өңір әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бұл тапсырма көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымға, соның ішінде әуежайлар мен теңіз және өзен порттарына да қатысты.

Аталған шараларды үйлестіру міндеті Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшысына жүктелді.

Еске салсақ,  28-ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға шабуыл жасасымен Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты бірден қауіпсіздік шаралары жөнінде тапсырмалар берген болатын.

Сол күні президент Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар