Kaspi.kz басшысы Вячеслав Ким Jusan банкін сатып алады - БАҚ

cover Коллаж Orda.kz

Kaspi.kz басшысы Вячеслав Ким Jusan Bank-тің Ғалымжан Есенов иелігіндегі акцияларын сатып алады, деп хабарлайды Orda.kz.

Forbes.kz мәліметінше, Вячеслав Ким Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы – Ғалымжан Есеновке тиесілі банктің барлық акциялар пакетін сатып алуы мүмкін. Қазіргі уақытта оның банктің 99,74% жай акциясына иелік ететіні белгілі.

Кимнің Jusan Bank-ті сатып алуды қарастырып жатқаны туралы 2024 жылдың қыркүйегінде Bloomberg өз дереккөздеріне сілтеме жасап жазған.

«Егер мәміле жасалса, Ким Ғалымжан Есеновтен үлесті сатып алып, Jusan Bank акцияларының бақылау пакетін иеленеді» деп хабарлады агенттік.

Сондай-ақ басылым бұл мәміле зерттеліп жатқандықтан, оның дәл солай болатынына кепілдік жоқ екенін атап өтті.

«Ручная экономика» telegram-арнасы бұл мәміле жақын арада жүзеге асуы мүмкін деп жазады. Сонымен қатар, Вячеслав Ким осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (ҚНРДА) ресми сұрау жолдаған.

«2017-2020 жылдары Jusan алған 1 трлн теңге мемлекеттік көмекті кім қайтаратыны әлі белгісіз. Алайда Bloomberg бұрын жазғандай, 6,7 миллиард доллар байлығы бар Ким Jusan Bank-тің проблемалық несиелерін шешуге банктің өзінен қарағанда жақсы шешуі мүмкін. Өткен жылы Jusan Bank 100 миллиард теңге мемлекеттік көмекті қайтарған болатын» деп жазады «Ручная экономика».

Forbes.kz нұсқасы бойынша Вячеслав Ким 2024 жылы Қазақстанның ең бай бизнесмендері рейтингінде бірінші орында болған.

Өткен жылдың қыркүйек айында Ахметжан Есімовтің бұрынғы күйеу баласы Ғалымжан Есенов Jusan Bank директорлар кеңесінен кеткені белгілі болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар