Каспий жағалауындағы табиғи өрт сөндірілді

cover Фото: Pixabay

3 мамыр күні таңертең Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде болған қамыс өрті толығымен жойылды, деп хабарлайды Orda.kz.

«Шамамен 475 гектарды қамтыған өртті ТЖД мен «АқЖайық» МДП  күштері бірігіп сөндірді. Жұмысқа 100-ден астам адам және 21 бірлік техника тартылды», деп хабарлады Атырау облысының ТЖД. 

Өрт орнында қайтадан тұтануды болдырмау үшін қарауыл қойылды.

Сонымен қатар, ауқымды өрт салдарынан бірнеше күннен бері Атырауды түтін басып тұр. Қаланың ішкі аудандарын да түтін иісі жайлап кеткен. Қала тұрғындары тамақтың тітіркенуіне, тыныс алу қиындап, пәтерді желдетудің мүмкін еместігіне шағымданады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар