Каспий жағалауында қамыс жанып жатыр: Атыраудағы өрт әлі ауыздықталмады
Фото: Атырау облысының ТЖД
Өрт сөндірушілер теңіз жағалауындағы өртке қарсы күресті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Қаланың түрлі аудандарынан, соның ішінде көпірден, жағалаудан будақтаған қою түтін көрінеді. Түтіннің иісі ауаға тарап, орталыққа және қаланың барлық аудандарына дейін жетті. Қала тұрғындары қолқаны қапқан жағымсыз иіске, тыныс алудың ауырлығына және пәтерлерді желдету мүмкін емес деп шағымданды.
Өрт 1 мамырда сағат 18: 30-да басталды - Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде төрт өрт ошағы анықталды.
«Содан бері өрт сөндіру жұмыстары тоқтатылған жоқ. Операцияға 101 адам мен 21 техника қатыстырылды», деп хабарлады Атырау облысының ТЖД.
Тығыз және биік өскен - екі жарым метрге дейінгі өсімдіктер, батпақты жерлер мен күшті жел өртті сөндіруде қиындық тудырып жатыр, салдарынан өрт тез жайылып кетті.
«50 гектарға жуық жанып жатқан қамыс оқшауланды, тағы 400 гектарда от өздігінен өшіп қалды. Өрттің жалпы ауданы анықталады».
Қазір елді мекендерге қауіп жоқ, қалған жерлердегі өртті сөндіру жалғасуда.
Жаңалықтар
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады