Қару-жарақ зауыты жарылып, 12 адам ажал құшты
Фото: Видеодан алынған кадр
Түркияның солтүстік-батысындағы Балықесір қаласында жарылғыш заттар шығарататын зауыт цехында жарылыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қайғылы оқиға салдарынан 12 жұмысшы мерт болды. Зауыт қаланың Каваклы ауданында орналасқан. Мәліметтерге сүйенсек, әскери қару-жарақ шығаратын зауыттың капсула жасайтын цехы жарылған.
Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылыс бүгін, 24 желтоқсан күні таңғы сағат 08:25-те болған. Балықесір губернаторы Исмаил Устаоглу оқыс оқиғадан қаза тапқандардың бәрі жұмысшылар екенін айтты.
«Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан 12 жұмысшы мерт болып, үш жұмысшы жараланды. Олар ауруханаға түсті. Өртті сөндіріп жатырмыз», - деді өңір басшысы.
Оның айтуынша, жарылыстан капсула шығаратын цех ғимараты опырылып түскен.
Жаңалықтар
- Астана мен Алматы 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды
- ІІМ шетелге барып жұмыс істегісі келетіндерге үндеу жасады
- Thailand Open турнирі: Қазақстан ескек есуден «алтын» алды
- Соғыстың алғашқы екі күнінде Иран астанасынан 100 мың адам кетіп қалды — БҰҰ
- Иранда Әли Хаменеимен қоштасу рәсімі кейінге шегерілді
- Күдікті әйелі мен енесі: Алматы облысында жеті баланың әкесіне 30-дан астам пышақ жарақатын салған
- Шымкентте полицейді ұрған жасөспірім түрмеден бір-ақ шықты
- Жидда мен Дубайдан арнайы рейстермен елге тағы 506 адам қайтарылады
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды