Қарттарымыздың зейнетақысы өседі

cover Фото: gov.kz

Қазақстанда 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 8,5%-ға өседі.

Бұл туралы қаржы министірлігі хабарлады.

Бұл өзгерістер 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасы республикалық ашық нормативтік құқықтық актілер порталында қоғамдық талқыға шықты. 

«1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері көлемін 8,5%-ға арттыруды ескере отырып, зейнетақы төлемдері мен еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қаржыландыруды қамтамасыз ету белгіленсін» делінген заң жобасында. 

Сонымен қатар, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерін 28 215 теңгеден 32 360 теңгеге арттыруды жоспарлап отыр. Қазақстан бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңгеден 62 771 теңгеге дейін өседі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар