Қарлы боранда жоғалып кеткен сегіз жасар бала табылды

cover

Бала Аягөз қаласының маңынан табылды.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындармен бірге баланы ауыл шетінен тауып алды.

Қарлы боран кесірінен бала адасып кеткен. Боран басылған соң іздеушілердің жарығын көрген ол сол бағытқа қарай өзі жүріп келген.  Қазір бала ата-анасына тапсырылды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

«Баланы іздеуге атсалысқандардың барлығына алғысымды білдіремін» деді полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 74 адам, 17 техника, 2 ұшқышсыз ұшатын аппарат және 20 ат қатысты. Оқиға орнына Семей қаласынан төтенше жағдайлардың қосымша күштері мен құралдары шықты. «Қазавиақұтқару» тікұшағы ақпанның 12-сі күні таңертең ұшуы тиіс болатын.

Қазір жедел әрекет ету бөлімшелері тұрақты  орындарына оралуда.

Баланы іздеу жұмыстры ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындаған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар