Қарағандының ЖЭО-ры қысқа дайын ба? Энергетика министрлігі 44 миллиард теңгеден астам қаржы құйды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде өңірдегі ірі энергетикалық нысандардың жай-күйін жеке өзі тексерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Министрдің айтуынша, бұл жолы негізгі көңіл нақты жағдайға бөлінді – тексеру тек қағаз жүзіндегі есептер бойынша емес, нысандардың өзінде жүргізілді.
«Топар» ГРЭС-інде министр жаңа турбоагрегатты орнату жұмыстарының аяқталу барысымен танысты. Бұл агрегат тамыз айында іске қосылады деп жоспарланған. Сонымен қатар стансада жаңа күл үйіндісі мен қызметкерлерге арналған тұрғын үй салынып жатыр.
«Кармет» ЖЭО-2-де өңірде көптен күткен жетінші қазандықтың іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталуда. Ал Шахтинск жылу электр орталығы, министрдің айтуынша, тұрақты жұмыс істеп тұр.
«Бүгінгі таңда тек мәселелерді атап өтіп қана қоймай, адамдардың өмір сапасына нақты әсер ететін нәтижелерді көру маңызды», – деді Ерлан Ақкенженов.
Инвестиция ретінде «Топар» ГРЭС-іне 2025–2026 жылдары жалпы 34,6 млрд теңге бөлінген.
Жылу желілерін жаңғыртуға 10 млрд теңгеден астам қаражат бағытталған.
Басым жобалар қатарында Жезқазғанда қуаттылығы 75 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген. Бұл жаңа нысан қаладағы электр энергиясы тапшылығының бір бөлігін өтеуге тиіс.
Айта кетейік, 2024 жылғы ақпанда Қарағандының жылу желілері сын көтермейтін жағдайда болып, олардың жартысынан көбі шұғыл жөндеуді қажет етті. Артынша Роман Скляр Қарағанды және Теміртау қалаларындағы жылумен қамту көздеріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жақында ЖЭО-ның қарызға салынып, тариф арқылы халықтың мойнына ілінетіні нақтылана түсті: бұған АЭС-тің қандай қатысы бар? Ол туралы мына жерден оқыңыз.
Қазақстандық БАҚ-та еліміздегі алғашқы атом электр станциясын Қытай салады деген ақпарат тарады. Қытайдың ұсынысы ең тиімді баға ретінде көрсетіліп отыр. Алайда энергетика саласының сарапшысы бұл мәселе соншалықты қарапайым емес екенін айтты.
Жаңалықтар
- Астанада алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогінің кезеңі өтеді
- Иранның жаңа көшбасшысы үндеуі жасады: Иран кек алмай қоймайды
- 13 наурызда барлық өңірде күн жылы болады
- БҚО-да мемлекеттік мекеменің есепшісі бюджет қаражатын бәске тігіп жіберген
- Атырау облысындағы Қарабатан полигонында сарбаз қаза тапты
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін