Қарағандыда жүргізуші әйелді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: gov.kz
Қарағанды көшелерінің бірінде жүргізуші баласы бар әйелді қағып, оқиға орнынан кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Баласы анасына қарап, жылап тұрған.
Оқиға балабақшадан баласын алып қайтып келе жатқан 25 жастағы әйелмен болды. Ол 4 жасар ұлымен бірге адамдар өтетін жолақтан өтіп бара жатқан. Абырой болғанда, бала зардап шеккен жоқ. Ал әйелді жедел жәрдем алып кетті, кейін оның аяғы сынғаны және денсаулығы орташа жағдайда екені анықталды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 6 қараша күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған.
«Восток-1 көшесінде белгісіз автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 25 жастағы әйел 4 жасар ұлымен бірге медициналық мекемеге жеткізілді. Дерек полицияға тіркелді. Қазір күдікті қамауға алынды, көлік айып тұрағына шығарылды», деп хабарлады полиция департаменті.
Еске сала кетейік, Астанада Үкімет үйінің алдында әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналары митиңге шықты.
Жаңалықтар
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады