Қарағандыда төбелес кезінде көз жұмған студент: 21 жастағы жігіт 9 жылға сотталды
Фото: Видеодан кадр
Қарағандыда бейтаныс адамдармен төбелес кезінде қайтыс болған Диас Кейкеновтің өлімі бойынша сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық істі Қазыбек би аудандық соты қарады. Сот 21 жастағы қарағандылыққа үкім шығарды. Ол абайсызда адам өлтіргені үшін айыпталды.
Алайда сотта қаза тапқан Диас Кейкеновтің туыстары қылмыстық істі қайта қарауды талап етті. Олар айыпталушы әдейі адам өлтірді деп есептейді. Олардың айтуынша, 21 жастағы жігіт мас болған және достарының марқұмның достарымен қақтығысын көріп, қолына пышақ ала жүгірген.
Сотталушының қорғаушылары мен туыстары жәбірленуші тараптың сөздерін жоққа шығарды. Олар айыпталушының өзін-өзі қорғау мақсатында әрекет еткенін айтады. Айыпталушының адвокаты марқұмның өліміне уақытында медициналық көмек көрсетпеген дәрігерлер де кінәлі болуы мүмкін деп есептейді.
«Менің ұлым қылмыскер емес. Егер бұл жағдай болмағанда, ол биыл диплом алар еді. Ұлым мектепте жақсы оқыды. Мен ұлынан айырылған отбасының қайғысын түсінемін. Олардан шын жүректен кешірім сұраймын, тағы да көңіл айтамын», - деді сотталушының анасы.
Сот істі қарап, шешім шығарды. Сотталушыға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сот сотталушыдан моральдық және материалдық залал үшін өтемақы ретінде 13 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды.
Марқұмның туыстары сот үкімімен келіспейді және бұл шешімге шағымдануға ниетті.
«Прокурор 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сот тек 9 жыл тағайындады. Тергеу бір жылдан аса уақыт жүргізілді. 7 жылдан кейін бұл бостандыққа шығады. Ал біздің ұлымыз ешқашан оралмайды. Біз үкімге шағымданамыз», - деді қаза тапқан студенттің әкесі Қарғаш Кейкенов.
Қайғылы оқиға 2024 жылдың наурыз айында болған. Екі топтың жігіттері қақтығысып, 17 жастағы Диас Кейкенов 2 рет пышақ жарақатын алады. Нәтижесінде жасөспірім ауруханада көз жұмды. Ол Қарағанды университетінің бірінші курсында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығында оқыған.
Жаңалықтар
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу