Қарағандыда Нығматулиннің бұрынғы зауыты жабылғалы жатыр
Фото: Inform.kz
Мәжілістің бұрынғы спикері Ерлан Нығматуллиннің сыңарына тиесілі «Сарыарқа НАН» зауытының жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылдың 15 желтоқсанынан бастап нан зауыты өнім шығаруды тоқтатады. Акционерлер өнімге деген сұраныстың жоғалуына байланысты зауытты жабу туралы шешім қабылдады.
«Компания басшылығы серіктестер мен мемлекеттік мекемелер алдындағы барлық қолданыстағы міндеттемелер орындалатынын, ал қызметкерлерге жұмыс өтілін ескере отырып, төрт жалақыға дейінгі жұмыстан шығу жәрдемақылары енгізілетінін атап көрсетеді. Желінің сауда павильондарының 50%-дан астамын сақтау жоспарлануда. Олар өңірдің басқа да наубайхана кәсіпорындарымен жұмыс істеуді жалғастырады», деп хабарлады компания.
Зауыт базасында тау-кен-шахта жабдықтарын жөндеу және шығару бойынша жаңа өндіріс құрылады. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және облыс бюджетіне салық түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Сарыарқа» нан зауытының іргетасы 2015 жылы қаланды. Ол кездегі құрылтайшысы Бақыт Серікбаева болды. 2017 жылы құрылтайшылар құрамына бұрынғы депутат Ерлан Нығматулин кірді.
Үш жылдан кейін, 2020 жылдың тамызында Нығматулин зауыттың жалғыз иесі болып қалды. Кейіннен Нығматулин зауытты Forbes тізіміндегі қазақстандық олигарх Эдуард Огайдың 33 жастағы ұлы Владислав Огайға сатты.
Айта кетейік, Қырғызстан президенті Тасмағамбетовті орденмен марапаттады.
Жаңалықтар
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті
- «Жауыз емеспін». Актер Асқар Жұмабек даулы оқиға туралы өз нұсқасын айтты
- Астанада журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Түлектер альбомы дауға айналды: Алматы облысында 49 мектептің ата-анасы 14 миллионға алданғанын айтты
- Ресей президенті мамыр айының соңында Қазақстанға келеді