«Қара киінген адамдар. Белгісіз көліктер»: Редакциядағы әріптестерімізден хабар жоқ

cover Фото:Orda.kz

Алматыда полиция Orda.kz редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың пәтері мен кеңсесінде тінту жүргізіп жатыр. Ал кеңседегі бір топ әріптестерімізден таңнан бері хабар жоқ, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полиция департаменті Бажкеноваға қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

Біз кеңседегі әріптестерімізге шамамен бір сағаттан бері хабарласа алмай отырмыз. Олардың телефондарын алып қойған болуы мүмкін. Редакцияда тергеу жүріп, айналада қара киім киген ер адамдар жүр. Белгісіз көліктер тұр. Қазір жағдайды Orda.kz заңгерлері зерттеп жатыр. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар