Қар жеп жан баққан: Абай облысында 5 күн бұрын жоғалған малшы табылды

cover Фото: freepik.com

Абай облысында құтқарушылар жарақаттанып, 5 күн бойы далада жатқан малшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды Orda.kz.

17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның телефоны да сөндірулі болған.

Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.

«Іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді», деп хабарлады ТЖМ. 

Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалған. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар