Қар аралас жаңбыр - 1 қаңтардағы ауа райы болжамы

cover Фото: Envato

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, жаңа жылдың алғашқы күні Қазақстанның көп бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауып, боран соғады деп күтілуде, деп хабарлайды Orda.kz.

Солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Сондай-ақ, елімізде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі күтілуде.

Мәлімет:

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, көктайғақ болады, ауа температурасы түнде -10-12 °C, күндіз -7-9 °C болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, қар аралас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, түнде ауа температурасы 0...+2 °C, күндіз 0...+2 °C болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, түнде ауа температурасы 0... -2 °C, күндіз +5-7 °C.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар