«Қайраттың» «Олимпиакос» және «Брюгге» командаларына қарсы матчтары Астанада өтеді
Фото: Ашық дереккөзден
Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы өз алаңындағы матчтары Астана Аренада өтеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қайрат» ФК УЕФА-мен бірлесе отырып, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Олимпиакос» (9 желтоқсан) және «Брюгге» (20 қаңтар) командаларына қарсы үй матчтары «Астана Арена» стадионында өтетінін мәлімдеді.
Алматыдағы Орталық стадионда матчтарды қыста өткізу жанкүйерлер үшін қолайсыз: төменгі температура, шатырдың болмауы және қар жауу қаупі трибуналарда жайсыздық тудырып, алаң қызметінің жұмысын қиындатады. Сол себепті көрермендерге жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау үшін ойын жабық стадионда ұйымдастырылмақ.
Клубтың баспасөз қызметі билет бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болатынын хабарлады.
«Билет бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болады. Сатылым 28 қарашада басталады. Бір адам екі билеттен артық рәсімдей алмайды» деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ клуб Ticketon мамандары «Қайрат» ФК-ның үй матчтарына алынған абонемент иелеріне жалпы сатылым басталғанға дейін хабарласып, билет рәсімдеу және басымдықпен сатып алу тәртібі туралы толық ақпарат беретінін мәлімдеді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды