Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі «Байсат» базары 2 млрд теңгеге арзандатылып қайта сатылымға шықты

cover Фото: әлеуметтік желіден

Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған «Байсат» көтерме-бөлшек сауда орталығы» ЖШС-нің үлесі электронды аукционға қайта шығарылды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Сауда 5 ақпанға жоспарланған, бастапқы бағасы – 24,77 млрд теңге, бұл алдыңғы саудамен салыстырғанда шамамен 2 млрд теңгеге арзан.

Нысан жалпы аумағы 4221 м² болатын үш ғимаратты және 1,4 гектар жер телімін қамтиды. Аталған үлес 2024 жылдың қаңтарында мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал жалға беруден түсетін табыс арнаулы мемлекеттік қорға бағытталып отыр.

Бұған дейін 2025 жылдың қараша және желтоқсан айларында осы нысанға қатысты сауда-саттық өтпеді. Себебі сауда орталығын сатып алуға ешкім ниетті болмаған. «Байсаттан» бөлек, жалпы сомасы 520,9 млн теңге болатын басқа да активтер бойынша 40 электронды сауда жарияланған.

Айта кетейік, Қазақстанда алкогольге қатаң шектеу енгізу ұсынылды.

Тақырыпқа сай ұсынамыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар