«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері Алматыда төрт сағатта сатылып кетті
Фото: instagram/ @ticketonkz
Freedom Ticketon платформасында 267 мыңнан астам адам электронды кезекке тұрды, алайда Алматының Орталық стадионы небәрі 23 мың жанкүйерді қабылдай алады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылық «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасы ойынына билеттер төрт сағаттан сәл астам уақытта сатылып кетті. Матч 30 қыркүйекте Алматының Орталық стадионында өтеді және сағат 21:45-те басталады.
Билет сату 23 қыркүйекте сағат 17:00-де басталып, шамамен 21:30-да аяқталды. Бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болды. Freedom Ticketon платформасында электронды кезекте 267 мыңнан астам адам тұрған. Ал стадионның сыйымдылығы – небәрі 23 мың орын.
Жанкүйерлер үшін билет алу нағыз сынаққа айналды. Сайтқа кірген кезде қатып қалып, жүйе сатып алушыларды кезектен шығарып тастады. Әлеуметтік желілерде адамдар жүйедегі ақауларға шағымданды.
«Сантьяго Бернабеуге бару оңай, Орталық стадионға кіру мүмкін емес» деген пікірлер кездесіп жатты.
Клуб өкілдері стадион есігі сағат 18:45-те, яғни ойын басталардан үш сағат бұрын ашылатынын хабарлады. Жанкүйерлер трибунаға Абылай даңғылы, Сәтбаев және Байтұрсынов көшелері жағынан кіре алады. Freedom SuperApp арқылы сатып алынған электронды билеттер ойын күні электронды поштаға жіберіледі. Ал QR-кодтар Qairat SuperApp қосымшасында матч басталардан бірнеше сағат бұрын пайда болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов «Қайрат» командасы «Реалды» жеңсе, әр ойыншыға автокөлік сыйлайтынын хабарлаған еді.
Сонымен қатар, соңғы күндері БАҚ беттерінде клуб қожайыны Қайрат Боранбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әулетімен қоса матчты тамашалауға шақырды деген ақпарат тараған. Клуб өкілдері бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын жеткізді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды