«Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына Назарбаев әулеті келе ме?
Фото: Vласть/ Жанара Каримова
30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» ойынына экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әулеті келеді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы тартысты ойыны жанкүйерлер арасында ғана емес, ақпарат құралдарында да қызу талқылануда. Соңғы күндері БАҚ беттерінде клуб қожайыны Қайрат Боранбаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әулетімен қоса матчты тамашалауға шақырды деген ақпарат тарады.
Осыған байланысты Orda.kz «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметінен бұл мәліметтің қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрастырды.
«Қайрат» ФК басшылығы атынан аталған тұлғаларға арнайы шақыру жолданды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Сонымен қатар кез келген жанкүйер белгіленген тәртіп бойынша матч билетін өз бетінше сатып ала алады», – деп мәлімдеді алматылық клубтың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 30 қыркүйек «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғаш рет өз алаңында Еуропаның ең мықты клубтарының бірін қабылдайды. Билеттер ресми түрде 23 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.
Сонымен қатар, күні кеше танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчында алматылық клуб жеңіске жетсе, барлық футболшыларға көлік сыйлайтынын жеткізді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды