«Қайрат» пен Пауло қоштасты: шешуші матч «Астана» – «Қайрат»

cover Фото: Orda.kz.

Маусым тағдырын шешетін ойында «Қайрат» пен «Астана» алаңда чемпиондық атақ үшін таласып жатыр.  Матч алдында алматылық клуб ардагер шабуылшы Жоао Пауломен қоштасты, деп хабарлайды Orda.kz.

26 қазан күні Алматының Орталық стадионында елдің екі алып клубы — «Қайрат» пен «Астана»  чемпиондық атақ үшін алаңға шықты. Бұл ойын 2025 жылғы Премьер-лига маусымының соңғы, 26-турындағы басты матч болып саналады.

Қазіргі турнир кестесінде:
• Қайрат — 58 ұпай
• Астана — 56 ұпай

Айта кетейік, егер «Қайрат» жеңсе немесе тең түссе — чемпион болады. Ал «Астана» жеңсе — алтын медаль елордаға кетеді.

Сонымен қатар, 37 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Пауло «Астанаға» қарсы соңғы матчы алдында «Қайратпен» қоштасты. Оны алаңға шақырып, алматылықтар сапында өткізген ойындарының құрметіне №112 нөмірлі естелік жейде табысталды.

Бразилиялық футболшы 2021 жылдың жазынан бері «Қайрат» құрамында өнер көрсетті. Команда сапында 112 матч өткізіп, 48 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген.

«Бұл қала мен клуб менің өмірімнің бөлігіне айналды. Қайраттың жанкүйерлері мен үшін әрдайым ерекше болып қалады», — деді Жоао Пауло қоштасу сөзінде.

Ал «Қайрат» пен «Астана» арасындағы матчтың бірінші таймында елорда клубы бір гол соғып, алда келе жатыр.




Жаңалықтар

барлық жаңалықтар