«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» тізе бүктірді

cover Фото: Orda.kz

Қазақстан Премьер лигасының ІІ турында «Қайрат» футбол клубы «Ақтөбені» қабылдады. Екі клуб арасында жанкүйерлер бір-біріне қас деп айтсақ та болады. Өйткені екі клуб та бір-біріне дес бермейді. Қос тарап демалыстан кейін қандай ойын көрсете алады?

Orda.kz тілшісі мачтқа барып, ақпарат таратты.

Айта кетейік ақтөбелік клуб бұған дейін Еуропаны дүр сілкіндірген Луиш Наниды сатып алып, ҚПЛ-да айды аспанға бір-ақ шығарған еді. Алғашқы ойынында 39 жастағы португалдық ойыншы ассиспен жұрттың назарын өзіне аудартты.

1-таймда «Қайраттың» шабуылы басым болғанымен, сәттілік жетіспеді. Екі команданың ойыншылары дөрекілік танытқан үшін бір-бірден сары қағаз алды. «Қайраттан» Лукас Африко 37-минутта сары қағаз алса, 45-минутта Темірлан Ерланов ескерту қағазын алды. 1-тайм тең есеппен аяқталды. Статистика бойынша допқа иелік ету «Қайратта» 53% ал «Ақтөбеде» 47% болды. Жалпы соққы жасау бойынша «Қайрат» әлдеқайда басым түсті 9-2, оның дәлдігі бойынша екі клуб 2-2 соққы жасады.

«Қайраттың» бұрынғы қақпашысы Александр Заруцкий өзінің сейвімен ерекше көзге түсті.

2-таймның 64-минутында Дастан Сәтпаев қосалқы құрамнан шығып, 76-минутта есеп ашты. 1-таймға қарағанда сары қағаздардың саны күрт өсті. Ескерту қағаз алғандар: Зелкович (Ақтөбе), Жуккола (Қайрат), Шушеначев (Ақтөбе), Еркін Тапалов (Қайрат), Дамир Қасаболат (Қайрат), Трофимец (Ақтөбе).

Оқи отырыңыз:





Жаңалықтар

барлық жаңалықтар