«Қайрат» Миланда «Интерге» есе жіберді
Фото: «Қайрат» футбол клубы
Милан түні қазақстандық жанкүйерлерге ұмытылмас әсер сыйлады. «Қайрат» жеңілсе де, ел тарихындағы ең әсерлі матчтардың бірін өткізді, деп хабарлайды Orda.kz.
5 қарашадан 6 қарашаға қараған түні Миланда Чемпиондар лигасының төртінші тур ойыны өтті. Қазақстандық «Қайрат» әлемнің алпауыт клубтарының бірі — «Интерге» қарсы шебер ойын көрсетті.
Алғашқы тайм соңында аргентиналық шабуылшы Лаутаро Мартинес «Интердің» есебін ашты. Бірақ екінші таймда «Қайрат» бұрыштан берілген допты сәтті пайдаланып, жауап қайтарды: жартылай қорғаушы Офри Арад баспен соққы жасап, қақпаны дәл көздеді. Бұл сәт қазақстандық жанкүйерлер үшін нағыз қуанышқа айналды.
Алайда 67-минутта Карлос Аугустоның голы италиялықтарға жеңісті алып берді. Осылайша матч 2:1 есебімен аяқталды.
Төрт тур қорытындысы бойынша «Қайраттың» еншісінде бір ұпай бар — ол өз алаңындағы «Пафоспен» (0:0) өткен кездесуде алынған. Ал «Интер» төрт ойыннан кейін 12 ұпай жинап, топтың көшін бастап тұр.
Сонымен қатар, қақпашы Темірлан Анарбековтың қарымды сейвтері ерекше көзге көрінді. Анарбеков көптеген қауіпті сәттерде жылдамдық пен қырағылымен жанкүйерлердің ерекше ықыласына бөленді. Ол Чемпиондар лигасындағы көп гол жібермеген үздік үш қақпашының қатарына енді.
Келесі ойын 26 қарашада өтеді — «Қайрат» Данияның «Копенгаген» клубына қарсы бақ сынайды.
Айта кетейік, Миландағы матч билеттері Алматыдағыдан шамамен бес есе арзан болды әрі үш мыңға жуық жанкүйер «Қайратты» қолдауға келді.
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды