«Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды

cover Фото: fckairat.com/kz

Алматылық «Қайрат» футбол клубының дәрігері Дастан Тұралиев Астана әуежайында өзімен бірге бомба алып жүргені туралы қалжыңы үшін тергеуге ілінді, деп хабарлайды Orda.kz. 

Оқиға 28 ақпанда команданың Астана қаласынан Алматыға Қазақстан Суперкубогы үшін Тобыл клубына қарсы өткен матчтан кейін ұшып шығуы кезінде болған. «Қайраттың» 38 жастағы қызметкері авиациялық қауіпсіздік қызметкерінің сұрағына жауап бергенде қалжың ретінде өзімен бірге бомба бар екенін айтқан.

Көліктегі полиция департаменті хабарлауынша, оған ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданады.

Тексеру барысында дәрігердің қол жүгінен және жеке заттарынан тыйым салынған бұйымдар табылған жоқ.

Дастан Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетін бітірген. Алты жыл медициналық жедел көмек дәрігері ретінде жұмыс істеді. Содан кейін Дастан Алматыдағы Дәрігерлерді жетілдіру институтында спорттық медицина мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.

2016 жылдан бастап «Қайрат» ФК құрылымында жұмыс істейді. Алдымен ол клуб академиясында дәрігер болды, содан кейін қайталаушы құрамның денсаулығына жауап берді. 2019 жылдан бастап ол негізгі команданың дәрігері. Құрамда Қазақстанның екі дүркін чемпионы.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар