«Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты
«Қайрат» ФК ресми парақшасынан
Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты. «Қайрат» екі матчтың қорытындысында бельгиялық «Спортинг-Андерлехтті» жеңді.
Алғашқы ойынды алматылықтар 7:3 есебімен жеңсе, екінші кездесу 5 желтоқсанда Алматыда өтті және ол да 5:3 есебімен аяқталды. Бірінші таймнан кейін «Қайрат» 1:2 есебімен артта қалса да, үзілістен кейін тек есепті теңестіріп қана қоймай, қарсыласты толық жеңді.
Үй иелері сапында гол соққандар: Жахангир Рашит (7-минут), Біржан Оразов (23 және 33-минут), Жоао Пауло (37-минут) және Атирсон Да Сильва Оливейра (40-минут).
Қонақтардан гол соққандр: Эду (15-минут), Грелло (18-минут) және Стивен Диллин (40-минут). Сонымен қатар, бельгиялықтардан қақпашы Дейвиди Данер Бассани 26-минутта қызыл карточка алды.
Еске сала кетейік, 1/4 финал ойындары 23 ақпан және 6 наурызға жоспарланған. Жеңімпаздар финалдық кезеңде ойнайды, ол 8 және 10 мамырда Италияның Пезаро қаласында өтеді.
UEFA Жастар лигасындағы ойында алматылық «Қайрат» U19 командасы испандық «Реал» U19- командасынан ойсырай жеңілген еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп
- Трамп Иран басшысы қызметіне үш үміткер бар екенін мәлімдеді