«Қайрат» Чемпиондар лигасына жолдама алды
Коллаж: Orda.kz
Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің соңғы турына дейін жеткен алматылық «Қайрат» бүгін шотландиялық «Селтикпен» ойнады. Бұл текетіресте «Қайрат» футбол клубы ерлеп, Чемпиондар лигасына жолдама алды.
Orda.kz тілшісі мачтқа барып, тікелей ақпарат таратты.
Екі клуб арасындағы бірінші матч Глазго қаласында, «Селтиктің» алаңында өткен болатын. Сыртқы алаңда алматылықтар қарсыластарға дес бермей, ойын 0:0 есебімен аяқталған. Тілге тиек етейік, «Селтик» клубы Қазақстанның клубтарымен алғаш рет ойнап тұрған жоқ. 2012-13 маусымда қарағандылық «Шахтермен» ойнаса, 2016-17 жылғы маусымда елордалық «Астанамен» кездескен еді. Қызықты факт: «Селтик» ешқашан Қазақстанда жеңіске жетпеген. 2013 жылы «Шахтердан» 2:0 болып жеңілсе, 2017 жылы «Астанадан» 4:3 есеп айырмасымен жеңіліс тапқан.
Ойын барысы 1-тайм
«Қайрат»: Анарбеков, Луиш Мата, Жоржиньо, Мартынович, Арад, Глэйзер, Тапалов, Мрынский, Громыко, Сорокин, Рикардиньо.
«Селтик»: Шмейхель, Скейлз, Нюгрен, Ян Хен Чжун, Картер-Викерс, Хататэ, Маэда, Макгрегор, Форрест, Ролстон, Тирни.
Айта кетейік, «Селтик» клубының қақпашысы үшін қазақстандық футболшылар таныс болып қалған. 2023 жылы Астанада Қазақстан мен Дания арасындағы матчта 0:2 болып жеңіліп жатқан жерінен футболшыларымыз есепті 3:2 етіп кабэк жасаған. Сол ойында Асхат Тағыберген Шмейхельдің қақпасына алыстан соққы жасап, пушкашқа ұсынылған болатын.
Ойын басталғанда 6-минутта-ақ Валерий Громыко қақпаға соққы жасады, алайда доп қақпа бағанасынан қиыс кетті. Матчтың 23-минутында Рикардиньо қақпашымен бірге бір келгенімен оффсайдта қалса, дәл сол сәтті пайдаланған «Селтик» ойыншылары бірден шабуыл жасады. Абырой болғанда қақпашы Анарбеков допты қайтара білді. Екі команда да бі-біріне қауіпті шабуыл жасап отыр. Ойынның 40-минутына дейін «Қайрат» 5 рет ойын ережесін бұзса, «Селтик» ойыншылары 4 рет ойын ережесін бұзды. Алаңға 28 000 адам жиналды.
2-тайм
Ойын бастала сала, Каспер Шмейхель қателесті, қорғаушының берген пасын қолмен ұстап, «Қайратқа» дәл қақпа алдынан айып добын орындауға мүмкіндік берді. Алайда алматылық клубтың ойыншылары мүмкіндікті пайдалана алмады. «Қайрат» ойыншылары айып добы тебілгеннен кейін ойыншылардың бірінің қолына тиді деп, наразылық білдіргенімен, төреші оларға пысқырып та қарамады.
Ойынның 62-минутында «Қайрат» сапынан Дан Глазер кетіп, оның орнына Дамир Қасаболат қосылды. Ал ойынның 79-минутында Рикардиньоның орнына Рамазан Бағдат ауысты. 87-минутта Офри Арад қақпаға баспен соққы жасағанымен, Каспер Шмейхель оны қағып алды. Ойын аяқталып, екі тарап үзілістен кейін экстра тайм ойнайды.
Экстра тайм
Экстра тайм басталды, ойынның 94-минутында қарсыластардың қақпаға бағыттаған жойқын соққысын «Қайрат» қорғаушылары қайтара алды. 97-минутта Валерий Громыко алыс қашықтықтан соққы бергенімен, сәл дәлдік жетіспеді. 1 минуттан кейін «Селтик» ойыншылары қақпаға қауіпті соққы берді, ал қақпашы Анарбек оны өткізбеді. 101-минутта Рео Хататиге допқа талас кезде дөрекілік көрсеткені үшін сары қағаз берілді.
Ойынның 107-минутында «Селтик» шабуылшысы қақпаның оң жақ бағанасына көздеп доп тепкенімен, Темірлан Анарбеков шабуылшының соққысын қайтара білді. Ойындағы ең басты қауіпті сәт. Қақпадан небәрі бірнеше сантиметр жерде тұрған шабуылшының соққысын Темірлан Анарбеков тағы да кері қайтарды. 115-минутта «Қайрат» сапында Еркін Тапаловтың орнына Юг Станоев ауысты және 118-минутта Луиш Матаның орнына Олжас Байбек шықты. Есеп айырмасы 0:0 болып келесі кезекте пенальти сериясы жалғаспақ.
Пенальти сериясы
Драмаға толы Пенальти сериясы 4:3 есебімен аяқталды. Шешуші сәтті қақпашы Темірлан Анарбеков 3 сейв жасап, ойынды алып шықты.
Orda.kz редакциясы барша Қазақ елін футболдағы жеңісімен шын жүректен құттықтайды!
Жаңалықтар
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
- Өтеген батыр ауылында референдумға дауыс беріліп жатыр, бірақ кейбір тұрғындар қиындыққа тап болды
- Ауыл тұрғындары қуана- қуана дауыс беріп жатыр