Кәрім Мәсімовтің інісінің ісі сотқа өтті

cover

Ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы, полиция генерал-майоры Н.Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е.Евковичке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аяқталғанын Павлодар облысы бойынша «Антикор» агенттігі хабарлайды.

Мәсімов пен Сиразидимовке мемлекеттік сатып алулар кезінде патронаттық көмек көрсету және еншілес компаниялармен келісім-шартқа отыру үшін 90,3 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ оларға артиллериялық техника сатып алуға бағытталған 420 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар