«Эммануэль Макрон не дейді?»: Париж прокуратурасы Дуровқа тағылған айыпты растады
Фото: Павел Дуров/instagram
Париж прокуратурасы Дуровтың ұсталуына Telegram-да модерация болмауы себеп болғанын растады.
Бұл туралы «Новая-Европа» басылымы хабарлады.
Прокуратураның айтуынша, Дуровқа қарсы сот ісі 8 шілдеде басталған екен. Кәсіпкерге қатысты күдік келесі айыптар бойынша тағылып отыр.
- Ұйымдасқан топтардың заңсыз мәмілелерін жүзеге асыруға арналған онлайн платформаны басқаруға қатысу;
- Құқық қорғау органдарының тергеу жүргізуге және оны қолдануға қажетті ақпаратты немесе құжаттарды беру туралы сұраныстарынан бас тарту;
- Кәмелетке толмағандардың порнографиялық контентін тартуға қатысу;
- Есірткіні таратуға қатысу;
- Киберқылмыстарға қатысу;
- Ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрамында алаяқтыққа қатысу.
Бас-аяғы Павел Дуров 12 қылмыс бойынша күдікке ілінген. Оның 28 тамызға дейін қамауда болатыны бүгін мәлім болды.
Сонымен қатар, Франция Президенті Эммануэль Макрон Дуровтың тұтқындалуының астарында саяси мән жоқ екенін айтты.
Макрон бұл туралы өзінің Х парақшасында хабарлады.
«Құқық үстемдігі жағдайында, әлеуметтік желілерде, шынайы өмірдегідей бостандық заңмен белгіленген шектеулер аясында жүзеге асырылады. Бұл азаматтарды қорғау және олардың негізгі құқықтарын құрметтеу үшін қажет. Франция әр адамның өз ойын ашық айту бостандығына, инновациялар мен кәсіпкерлік рухқа терең берілген және солай болып қала береді», — деп жазды Макрон.
Жаңалықтар
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады