Элиталық эскорттан — «ережемен өмір сүруге» көшкен Айка Love колониядан босап, жазба жариялады

cover Әлеуметтік желілердегі бейненің скриншоты 

Ерекше ірі көлемде есірткі сақтағаны және элиталық эскорт қыздар желісін ұйымдастырғаны үшін сотталған Айғаным Мырзахметова, көпшілікке Айка Love деген атпен танымал. Ол мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаннан кейін қайтадан көпшілік назарына ілігуге тырысып жүр. Қазір оның қалай өмір сүріп жүргені жайлы Orda.kz баяндайды.

Айка өзінің Instagram парақшасында ұзақ уақыттан кейін алғаш рет түрмеден кейінгі өмірі қалай өзгергенін және қазіргі жағдайын айтып берді.

Айғаным Мырзахметова — Алматы қаласының тумасы. Резонанс тудырған іс кезінде ол 25 жаста болған. Әлеуметтік желілерде өзін модель әрі блогер ретінде таныстырған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол бір мезгілде сырт келбеті модельдік талаптарға сай қыздарды интимдік қызмет көрсету үшін іріктеп, ауқатты клиенттерді іздеген.

Фото: Instagram.com (@LoveAika)

Сот дерегінше, оның «жобасының» айналымы 2022 жылы 209 миллион теңгеден асқан. Клиенттерге арналған жабық қауымдастыққа кіру құны 300 доллар болған, ал «белсенді емес» қатысушыларды ол бірден шығарып отырған.

Көпшілікке белгілі «Айканың тізімінде» Қазақстанға танымал адамдардың есімдері де болғаны айтылды.

2023 жылдың мамыр айында тінту барысында Мырзахметовадан 1,72 грамм мефедрон, жылжымайтын мүлікке қатысты құжаттар, Lexus ES 250 және Toyota Camry 70 маркалы автокөліктер, сондай-ақ ақ ұнтақтың ізі қалған қалта айнасы мен шиыршықталған купюралар тәркіленді. Тергеу бұл заттарды есірткі қолданумен байланыстырған.

2024 жылдың мамырында сот Айғаным Мырзахметованы алты жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Алайда 2025 жылдың 25 қарашасында ол мерзімінен бұрын шартты түрде босатылып, қазіргі уақытта пробациялық бақылауда жүр.

Instagram-да жариялаған үндеуінде Айка түрмеде өткізген уақыты оның өміріне «терең әрі қатты өзгеріс» әкелгенін атап өтті.

«Бүгін мен тек өз өмірімді қалпына келтірумен айналысып жатқанымды айтқым келеді. Баламды тәрбиелеп отырмын және алға қарай адал әрі саналы түрде қадам басуға тырысып жүрмін. Түрмеде отырғаннан кейін менде үлкен ішкі трансформация болды. Барлығына позитив тұрғысынан қарап, барынша пайдалысын алуға тырыстым. Мысалы, мен 522 кітап оқыдым, өз құқықтарымды және заңды толық білемін. Ішкі бұлшық еттерімді де шынықтырдым, жаттығуды бастаған кезде сіздерге көрсетемін»,— дейді Айка.


Мырзахметованың айтуынша, қамауда болған жылдары ол алкогольден толықтай бас тартқан, ал интимдік өмірге деген қызығушылық бұрынғы маңызын жоғалтқан. Қазір ол жалғыз қалғанда жеке өмірінен  рахат алатынын айтады. Сонымен қатар «люкс» өмір салты да енді оны қызықтырмайтынын мәлімдеді.

«Мен өзімнің «қалаймын — қаламаймын» деген ішкі күйімді жеңдім. Енді мені әдемі суреттер, люкс, әлеуметтік желілердегі жалған лайфстайл қызықтырмайды. Адамдар бұған қарап отырып, көбіне өз болмысын жоғалтып алады», — деді ол. 


Айка Love өз үндеуінде мемлекеттік органдармен дауласпайтынын да атап өтті. Қазіргі таңда оның жаңа жария өмірі тек әлеуметтік желілермен шектеліп отыр. Ал бизнес не медиа жобаларға қатысты нақты жоспары туралы Мырзахметова әзірге ештеңе айтқан жоқ.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар