Электросамокат туралы заң күшіне енді

cover Сурет: Егемен Қазақстан

Қазақстанда электросамокаттар туралы жаңа ережелер  жұмыс істей бастады. Бұл ережелерді бұзғандары үшін жүргізушілер әкімшілік жазаға тартылады, деп хабарлайды Orda.kz.

30 тамызда Қазақстанда «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді.

Жаңа заңға сәйкес, электросамокаттар  веложолдармен және веложолақпен жүруі керек. Олар болмаған жағдайда – жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегі бойынша, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақ бойымен бір қатарда жүреді.

Кез келген санаттағы көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі бар адамға  18 жастан бастап жолдың жүріс бөлігінің оң жақ жиегімен ғана жүруге рұқсат етіледі.

Шекті рұқсат етілген жылдамдық сағатына 25 шақырым.

Ал жаяу жүргіншілер жолағында немесе жаяу жүргіншілер жолында олар  сағатына 6 шақырым ғана жылдамдықпен жүре алады.

Электросамакат жүргізушілеріне тыйым салынады:

• Рөлді жоқ дегенде бір қолымен ұстамай жүргізуге;

• Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға;

• Трамвай қозғалысы бар жолдарда және бір жолақтан көп жолдарда солға бұрылуға немесе кері бұрылуға;

• Электросамокаттарды  жүргізген кезде жол қиылысын кесіп өтуге. Жүргізушілер қиылыстардан жаяу жүргіншілер өткелімен  көлікті қатар алып жүріп өтуі керек.

Мопед жүргізушілеріне веложолда, веложолдарда, тротуарларда немесе жаяу жүргіншілер жолағында жүруге тыйым салынады.

Алғаш рет электросомакаттар  қозғалысын реттеу ниеті 2022 жылдың шілдесінде Алматыда электроскутерлерді пайдалану және меморандумға қол қою туралы баспасөз мәслихатында айтылды.

 Конференцияда электросомакаттардың жылдам жүруі, бейберекет тұрақ және жарақат алу қаупі туралы сұрақтар көтерілді. Дәл осы мәселелермен күресу мақсатында әкімдік пен кикшеринг компаниялары арасында меморандумға қол қойылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар