Эквадордағы қазақстандықтардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ - СІМ

cover

Эквадордағы қазақстандықтардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Эквадорда Қазақстан Республикасының жеті азаматы тұрады және консулдық тіркеуде тұр. Олардан бөлек бұл елге турист ретінде келген үш адамнан тұратын отбасы бар. Консул барлығына телефон соғып, қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау беріп, олармен үнемі байланыста. Қазақстан Республикасының азаматтарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ» деді Смадияров.

Еске салайық, 9 қаңтарда Эквадорда ұйымдасқан қылмыс қарулы бүлік шығарып, елде ішкі жанжал шыққаны белгілі болды. Елдің жаңа президенті Даниэль Нобоа 22 мафиялық топты лаңкестік ұйым деп жариялап, түрмелерде тәртіпсіздіктер басталып, елде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар