Экстремистер, есірткі зертханалары және орынбасардың ауысуы: Тоқаев ҰҚК басшысын қабылдады
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевпен кездесті. Айта кетерлігі, мемлекет басшысы оның орынбасарларының бірін қызметінен босатқан болатын. Қанат Далматов қызметінен кетіп, оның орнына Марат Ирменов тағайындалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Далматов бұл лауазымды 2024 жылдың қазанынан бастап атқарды. Оның мұрагері Марат Ирменов бұрын ведомствоның аумақтық органын басқарған болатын. ҰҚК сайтында оның ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры екені көрсетілген.
Президенттің ҰҚК басшысымен кездесуіне келетін болсақ, ол Тоқаевқа тоғыз айдағы жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Сағымбаев жыл басынан бері экстремизм мен терроризм бабымен 67 адам ұсталғанын, 83 адам радикалды идеология ұстанғаны үшін сотталғанын айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша, ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп 17 қылмыстық топтың қызметін тоқтатып, 244 адам ұстаған, олардың 96-сы тұтқында.
«453 қару, 64 граната, алты мыңға жуық оқ-дәрілер тәркіленді», - деп толықтырды ведомство басшысы.
Сондай-ақ, Сағымбаев 16 есірткі зертханасын тарату және 44 есірткі арнасының - 25 халықаралық және 19 өңірлік қызметінің жолы кесілгені туралы баяндады. 20 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин және 10 тонна прекурсорлар тәркіленіпті.
Сөз соңында ҰҚК басшысы мемлекетке 3,8 трлн теңге және бюджетке 255 млрд. теңге залалдың алдын алғандарын баяндады. Сондай-ақ, оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қатысты 90-нан астам қылмыстық іс қозғалған.
Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство басшысына ҰҚК қызметіне байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Бұған дейін президент мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысқан болатын.
Жаңалықтар
- Амелина Бакиева ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары «алтынын» жеңіп алды
- Қызметтік көлікпен аңға шығып, апатқа ұшыраған әкімге қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Экстремистер, есірткі зертханалары және орынбасардың ауысуы: Тоқаев ҰҚК басшысын қабылдады
- Марат Ирменов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды
- Марко Рубио АҚШ атынан Қазақстанды Республика күнімен құттықтады
- Путин Тоқаевты Республика күнімен құттықтады
- «Орданың» бас редакторының фейсбуктегі парақшасы өшірілді
- Тоқаев салтанатты түрде мемлекеттік туды көтерді
- Түркі мемлекеттері ұйымдарының келесі кездесуі Қазақстанда өтеді
- АҚШ Венесуэла жағалауына әуе шабуылын жасамақшы
- Елдегі салымға қатысты мөлшерлеме тарихи рекорд орнатты
- Шұғыла Өмірбек күрестен әлем чемпионатында тарихи алтын алды
- Головкин World Boxing президенті лауазымына кандидат атанды
- «Еліміздің көк туы бейбіт аспанда мәңгі желбіресін!»: Тоқаев халықты Республика күнімен құттықтады
- Ақтөбеде 12 адам қаза тапқан жол апатынан аман қалған жасөспірімнің жағдайы ауыр
- Түркістанда сотталушы қарауыл жасақты алдап қашып кетті
- Өз-өзін өртемек болған ананың ісін прокурор неге қарамайды?
- 600 мың теңгелік тортқа бола соттасып: Кондитердің абыройын төкті
- Бас прокуратура Нұрбол Назарбаевтың активтерін тексеріп жатыр
- Баян Алагөзова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды