Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне күдікті күйеуі мен енесі Мәскеуде болуы мүмкін
Фото: әлеуметтік желіден
РФ тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысы бар тұлғалардың Мәскеуде болуы мүмкін деген нұсқаны тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресейдің федералдық арналарында Германияда Қазақстан азаматының кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Тергеу нұсқасына сәйкес, марқұмның енесі мен бұрынғы күйеуі күдікке ілінген. Олар Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге жасырынған болуы мүмкін. Қайтыс болған әйелдің ата-анасы РФ тергеу комитетінің төрағасына ресми өтініш жасаған. Содан кейін Мәскеудегі тергеу органдары процессуалдық тексеру бастады.
Айта кетейік, Айгүл Сайлыбаева 2024 жылдың маусым айында Германияда із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Көп өтпей оның денесі Бенсхайм қаласына жақын жерден табылды.
Айгүл Сайлыбаева соңғы жылдары Германияда күйеуі, екі жасар қызы Жаклин және енесі Наталья Донцовамен бірге тұрған. 4 маусымда таңертең Айгүл қызын балабақшаға апарған. Кешке оның мойнында, беті мен қолында пышақ жарақаттары бар денесі табылды.
Былтыр 10 желтоқсан күні Қазақстан Ішкі істер министрлігі Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовқа іздеу салды. Бұл іс Талдықорғанда тіркелген. Марқұмның күйеуі Ресей азаматтығын алған болуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар
- Ораза айттың қазақ дәстүріндегі орны мен мәні
- Аңыз-актер Чак Норрис 86 жасында өмірден өтті