Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі

cover Фото:ТРТ

Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежадтың кеңсесі оның өлімін жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz 24 Word сайтына сілтеме жасап. 

Кеңседегілер Израиль мен АҚШ-тың  Тегеран қаласына жасаған әуе соққылары кезінде бұрынғы президент қаза тапты деген ирандық БАҚ хабарламаларын жоққа шығарды.

Өлім туралы хабарды ирандық Iranian Labour News Agency (ILNA) агенттігі таратқан болатын. Алайда Ахмадинежадтың отбасы бұған дейін-ақ бұл ақпаратты теріске шығарған. Агенттік мәліметінше, Ахмадинежад Нармак ауданында өзінің күзетшілерімен бірге мерт болған.

АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы шабуылында оның үйіне зымыран түскені хабарланған. Махмуд Ахмадинежад Иран президенті қызметін 2005 жылдан 2013 жылға дейін атқарды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар