Экс-министр Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Gov.kz
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды.
Ол президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін тәмамдаған.
Әр жылдары Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы, протокол бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеген. «»
2014-2016 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары,
2017-2018 жылдар аралығында «Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының» ММ басшысы,
2018 жылғы қаңтар-тамыз аралығында ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры.
2019-2020 жылдар аралығында Павлодар облысы әкімінің орынбасары,
2020-2021 жылдар аралығында ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі,
2021 - 2022 жылдар аралығында- Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары,
2022 - 2023 жылдар аралығында Amanat партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды.
2023 жылғы 4 қаңтарда мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалған еді. Ол сол жылы қыркүйекте министр қызметінен кетті.
Жаңалықтар
- Референдум-2026: Дезинформацияға қарсы күрес орталығы желідегі жалған ақпараттарды тіркеп жатыр
- Заңсыз активтерді қайтару аясында мемлекетке 1 трлн теңгеден астам қаржы құйылды – Бас прокуратура
- Қазақстанда сағат 16:00-дегі жағдай бойынша референдумдағы алдын ала қатысу көрсеткіші 64,43% болды
- Иран Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтатудың екі шартын атады
- Референдум: Қаныш Сәтбаев атындағы университетте қалай өтіп жатыр?
- Назарбаев: Бір кезде мен Тоқаевты таңдадым, қазір де қолдаймын
- Мемлекет басшысы референдумда дауыс бергеннен кейін журналистермен брифинг өткізді
- Қуандық Рахым референдумда дауыс берді, Димаш денсаулығына байланысты қатыса алмады
- Референдум: Мүмкіндігі шектеулі жандар қалай дауыс береді?
- Қазақстан полициясы күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр
- Референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы ақпарат жаңарды
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді
- Назарбаев референдумда дауыс беруге келді
- Алматы әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумда дауыс берді
- ОСК референдумдағы сайлаушылардың қатысуы туралы дәл қазіргі мәліметті берді
- Азат Перуашев Референдумда дауыс берді
- Алматы облысы Іле ауданына тілшінің бақылап, ақпарат таратуына қарсы болған жағдай тіркелді
- Референдум: Бостандық ауданы тұрғындарының дауыс беруге белсенділігі байқалмады
- Референдум: ҚазҰУ учаскесінде қалай өтіп жатыр?
- Мәжіліс спикері жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді