Экс-генерал Күдебаевтың отбасынан жер телімдері тәркіленді

cover Фото: ІІМ

Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаевтың ұлы мен ағасынан өңірдегі жер телімдері тәркіленді.

Бұл туралы Nege.kz сайты хабарлайды.

Сот жер учаскелерін беру тәртібін бұзуға байланысты жалға беру шарттарын жарамсыз деп таныды.

«Алматы облысы полициясының сотталған бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың ұлы мен ағасына қарсы  талап-арызын қабылданды. Темірлан Мырзақұлов пен Мұратбек Күдебаев, сондай-ақ олардың «Кеңсай-Агро» серіктестігі 49 жылға жалға берілген жайылымдық жер учаскелерінен айырылды» деп хабарлады басылым.

Қазір Серік Күдебаев билігін асыра пайдаланғаны және Қаңтар оқиғасы кезінде азаптау, сондай-ақ  қашып кеткені үшін колонияда 10 жыл жазасын өтеп жатыр. Қаңтар айында оның көз алдында адамдарды темірмен азаптады. Ол төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етпей, қол астындағыларға үйлеріне қайтуды бұйырды.

Қоғам қайраткері Бауыржан Мусиннің айтуынша, бір кездегі жоғары шенді генералдың қазір басқалармен бірге абақты алаңын сыпырып, түрме казармасын қалай тазалап жүргенін өзі көрген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар