Экс-депутат бокстан чемпион болды
Фото: Жогорку Кеңеш
Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Шайлообек Атазов Таиландта тай боксынан IBF муайтай чемпионы атағын жеңіп алды.
Бұл туралы Kaktus Media хабарлады.
Атазовтың қарсыласы Таиланд өкілі Чиангкван Паномтед болды. Бұл жекпе-жекте экс-депутат екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Қарсыласы екінші раундтың басында жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша ол IBF Muaythai чемпиондық белбеуін жеңіп алды.
Шайлообек Атазов – Жогорку Кенештің бұрынғы депутаты. Сонымен бірге ол Мемлекеттік кеден қызметі басшысының экс-орынбасары Райымбек Матраимовпен байланысты «Мекенім Қырғызстан» партиясының атынан 2020 жылғы сайлауға қатысқаннан кейін саяси ортада танымал болды. Атазов 2018 жылдан бері өзі басқарып келе жатқан «EREM» спорт клубының атқарушы директоры ретінде де белгілі.
2024 жылдың мамырында Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Жоғарғы соттың даулы мандат туралы шешімінен кейін Атазовты депутаттық мандатынан айырды. Бұл шешім сайлау нәтижелеріне қатысты дауға байланысты қабылданған.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?