«Эйр Астана» ұшақтар санын арттыруда

cover Фото: airastana.com

«Эйр Астана» жеті Airbus A321LR  ұшағын лизинг шартымен алуға келісімге келді.

Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«26 шілдеде Air Lease корпорациясымен жеті Airbus A321LR ұшағын операциялық лизингке беру туралы келісімге қол қойылды. 2026 жылдан бастап ұшақты жеткізу жүзеге асырылады» деп түсіндірді әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Бұл келісім 2028 жылдың соңына дейін ұшақтар паркін 80 ұшаққа дейін кеңейту жоспары аясында жасалды. Қазіргі уақытта «Эйр Астана» авиапаркінде 11 Airbus A321LR ұшағы бар.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар